Жақыпов арманына жетті

Фотография - Жақыпов арманына жетті

Біржан Жақыпов ақыры арманына жетіп, әлем чемпионы атанды. Финалда алжирлік боксшымен кездескен жерлесіміз 3:0 есебімен жеңіске жетті

126 0

Біржан Жақыпов ақыры арманына жетіп, әлем чемпионы атанды. Финалда алжирлік боксшымен кездескен жерлесіміз 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Жекпе-жегін сөз жоқ, өте сенімді өткізді. Үш раунд бойы шабуылдаған жерлесіміз тек қорғана білетіндігін ғана емес, техникалық арсеналы да бай екенін дәлелдеді. Сондай-ақ,соққысын діттеген жеріне жеткізе алатын мерген екендігін де көрдік. Олай дейтініміз, Біржанның тура соққыларынан кейін алжирлік боксшы Мохамед Флисси үш мәрте қабағы жарылып, дәрігердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

Иә, Жақыповты талай сынадық. Өзгелердің жолын кесті деп те айыптап жаттық. Шыны керек, 2005 жылғы әлем чемпионатынан кейін өзінің де жолы болмай кетті. Әлемдік аренада қайта-қайта жолы қытайлық Зоу Шиминмен түйісіп, жеңіп тұрса да төрешілердің сүріндірген кезі аз болмады. Қанша жерден даттасақ та, талай додаларда жеңіске лайықты болған бірден-бір боксшымыз осы. Енді міне, Біржан арманына жетіәп, әлем чемпионы атанды.

Төреші Біржанның қолын көтергенде халық түгел қуанды. Әсіресе, VIP-трибунада отырған Серік Сәпиевтің шаттанғанын көрсеңіз, құдды бір, өзі үшінші рет әлем чемпионы болып тұрғадай жас балаша секіре берді.

Сонымен, қоржынымызға алғашқы алтын да түсті. Енді Жақыповтың жеңісті жолы өзгелерге де жұғысты болсын дейік.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!