«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Трактор»

Фотография - «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Трактор»

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында Челябінің «Трактор» командасын қабылдайды

176 0

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында Челябінің «Трактор» командасын қабылдайды.

Айта кеткен жөн, соңғы чемпионатта екі команда плей-оффқа дейін жетіп, өзара сынға түскен болатын. Ол кезде «Трактордың» жолы болды. Жалпы, осы уақытқа дейін олар 17 мәрте кездесті. Соның ішінде «Трактор» он рет жеңіске жетсе, «Барыс» жеті рет қарсыласынан басым түскен еді. Алайда биылғы чемпионатта Челябі қаласының хоккей клубы бәсең ойнап жүр. 19 матчта ол тоғыз рет жеңіске жетіп, бүгінде жалпытурнирлік кестеде 25 ұпаймен 21-ші орында келеді. Ал «Барыстың» еншісінде 46 ұпай бар. Астана қаласының хоккей клубы 20 ойынның тек төртеуінде ғана ұтылып, бүгінде «Динамо» (Мәскеу), «СКА» (Санкт-Петербор) мен «Ақ Барстан» (Татарстан, Қазан) кейінгі төртінші орында орналасты - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!