"Алтын допқа" үміткер 23 футболшының тізімі белгілі

Фотография - "Алтын допқа" үміткер 23 футболшының тізімі белгілі

ФИФА биылға «Алтын допқа» үміткер 23 футболшының тізімін жариялады

140 0

ФИФА биылға «Алтын допқа» үміткер 23 футболшының тізімін жариялады.

Тізімге чемпиондар лигасының жеңімпазы «Баварияның» қатарынан алты бірдей футболшы енсе, финалға шыққан «Боруссиядан» тек Роберт Левандовскиді лайық деп тауыпты.

Сонымен үміткер жиырма үш шебердің толық тізімі төмендегідей:

Гарет Бейл (Уэльс), Луис Суарес, Эдинсон Кавани (екеуі де Уругвай), Радамель Фалькао (Колумбия), Эден Азар (Бельгия), Златан Ибрагимович (Швеция), Андрес Иньеста, Хави (екеуі де Испания), Филипп Лам, Бастиан Швайнштайгер, Месут Озил, Томас Мюллер, Мануэль Нойер (барлығы Германия), Роберт Левандовский (Польша), Лионель Месси (Аргентина), Тиаго Силва, Неймар (екеуі де Бразилия), Андреа Пирло (Италия), Франк Рибери (Франция), Робин ван Перси, Арьен Роббен (екеуі де Нидерланды), Криштиану Роналду (Португалия), Яя Туре (Кот-д'Ивуар).

Желтоқсан айының басында ФИФА аталған ойыншылардың арасынан үздік үштікті сауалнаманың қортындысы бойынша таңдап алады.

Ал жылдың үздік ойыншысын13- қаңтарда  ұлттық құраманың бапкерлері мен капитандыры сонымен қатар ФИФА арнайы шақырған журналистер таңдайтын болады.

Естеріңізді болса,осыған дейін қатарынан төрт жыл әлемнің үздік ойыншысы атағын,яғни «Алтын допты» Аргентина құрамасы мен «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси иемденіп келген болатын.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!