«Барселона» қақпашы тапты

Фотография - «Барселона» қақпашы тапты

Германия ұлттық құрамасының және менхенгладбахтық «Боруссия» командасының қақпашысы Марк-Андре тер Штеген келер жазда «Барселонаға» ауысатын болды

167 0

Германия ұлттық құрамасының және менхенгладбахтық «Боруссия» командасының қақпашысы Марк-Андре тер Штеген келер жазда «Барселонаға» ауысатын болды. Бұл туралы Bild басылымы хабарлап отыр.

Қаңтар айында испан баспасөз құралдары 21 жастағы қақпашы каталондық команданың қатарын толықтыратынын хабарлаған болатын. Алайда кейіннен бұл трансфер жүзеге аспай қалған еді. Енді Bild басылымының жазуы бойынша, қақпашы Виктор Вальдесті алмастырмақ, ал трансфер құны 10 миллион евроны құрайтын көрінеді. Марк-Андре тер Штеген мен «Барселона» арасында 4 жылдық келісімшартқа қол қойылмақ.

Естеріңізге сала кететін болсақ, қазіргі таңда Херардо Мартино командасының қақпасын қорғап жүрген Виктор Вальдес алдағы жазда «Монакоға» ауысатынын хабарлаған болатынбыз. Ал «Барса» енді ауыз салып отырған футболшы тер Штеген өткен маусымдағы бундеслиганың үздік қақпашысы болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!