Ағайынды Кличколар қазақ ауылында болды

Фотография - Ағайынды Кличколар қазақ ауылында болды

Ағайынды Кличколар бокстан Алматыда өткен әлем чемпионатының финалдық кешіне келген. Одан соң кәсіпқой бокс жұлдыздары Қазақстанның өзге өңірлерінде де болды

174 0

Ағайынды Кличколар бокстан Алматыда өткен әлем чемпионатының финалдық кешіне келген. Одан соң кәсіпқой бокс жұлдыздары Қазақстанның өзге өңірлерінде де болды.

Ағайынды Виталий және Владимир Кличко өздерінің балалық шақтары өткен Жамбыл облысындағы Құлан ауылына арнайы барды. Олар әуелі Тараз қаласына ұшып барды. Сол жерде оларды облыс әкімі Қанат Бозымбаев бастаған шенеуніктер қарсы алған. 

Қаладағы жаңадан ашылған спорт сарайымен танысқан. Осыдан кейін өздерінің балалық шақтары өткен Құлан ауылына (бұрынғы Луговое) барыпты. Мектепте бірге оқыған сыныптастары мен ұстаздарын кездестірген.

Тіпті бұрын өздері тұрған екі бөлмелі пәтерге де барыпты. Қазіргі сол пәтердің тұрғындарына тоңазытқыш пен газды пеш сыйға тартыпты.

Ал Александр Поветкин достарының шақыруымен Екібастұз қаласында болды. Ол жерде боксшы жас балғындарға арнап мастер-класс өткізіп, тәжірибесімен бөліскен. Сондай-ақ боксшы журналистер сұрақтарына жауап берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!