Cариев «Қайратқа» керек болмай қалды

Фотография - Cариев «Қайратқа» керек болмай қалды

«Қайрат» футбол клубы шабуылшы Рауан Сариевті сатылымға шығарды

250 0

«Қайрат» футбол клубы шабуылшы Рауан Сариевті сатылымға шығарды. Тіпті, өздерінің ресми сайтында Сариевтің жарнамасын қатырып та жасап қойыпты.

 

САРИЕВ Рауан Ерланұлы

Туған жылы: 22.01.1994 ж.

Бойы: 180 см.

Салмағы: 78 келі.

Алаңдағы орны: шабуыл

 

   «Премьер-лига мен Бірінші лиганың футбол клубтары назарына! «Қайрат» футбол клубы кәсіпқой футболшы Рауан Сариевті трансферге қойды.

    Сариев – Қазақстандағы ең дарынды жас ойыншылардың бірі. Алматы облысының түлегі төрт жыл бұрын бір топ таланты жасөспірімдермен бірге Бразилияға барып, әйгілі «Оле Бразил» академиясында аяқдоп тәлімін алды.

    Ол жақта Рауанның дарыны зор бағаланып, екі жылдан кейін-ақ Бразилияның ең үздік командаларының бірі «Атлетико Минейро» футбол клубының сапына алынды. Мұнда бір кездері Силва, Таффарел, Рональдиньо сынды футболшылардың өздері ойнаған.

      Өткен маусымда Рауан Бразилияның А сериясында атой салып жүрген «Ботафого» сапында өнер көрсетті. Ал биыл елге оралып, «Қайратпен» келісімшартқа отырды», - деп келтірілген клубтың ресми сайтында. Тіпті, байланыс нөмірлерін де жазып қойыпты.

    Дегенмен, шыны керек, Рауан Сариев биыл «Қайрат» сапында жарқылдай алған жоқ. Алматылық команданың негізгі құрамында небәрі 7-ақ ойын өткізді. Одан кейін бапкерлер алқасының шешімімен клубтың дубльдік құрамына ауыстырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!