Зиданның төрт ұлы "Реал" сапында ойнайды

Фотография - Зиданның төрт ұлы "Реал" сапында ойнайды

Зинедин Зидан жеті жасар Элиасты "корольдік клубтың" балалар-жасөспірімдер мектебіне түсіріп отыр

197 0

Зинедин Зидан жеті жасар Элиасты "корольдік клубтың" балалар-жасөспірімдер мектебіне түсіріп отыр, деп хабарлайды Marca басылымы.

Мадридтік «Реалдың» жаттықтырушылар қосында жүрген әкесі ұлын «Benjamín B» командасына апарып қосқан. Енді Элиас аталған клубтың әр жастағы балалар-жасөспірімдер мектебінде өнер көрсететін ағалары Энцо, Лука және Теомен бір қатарда теңесіп отыр.

Бір айта кетерлігі, "Реалдың" балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушылары кішкентай Зидандардың аяқ алысына дән риза екендіктерін, үлкен футболда жарқын жетістіктерге жетер деген сенімдерін жасырмауда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!