«Барыс» «Нефтехимикті» ойсырата ұтты

Фотография - «Барыс»  «Нефтехимикті» ойсырата ұтты

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Нефтехимик» (Ресей, Нижнекамск) командасын ойсырата ұтты

297 0

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Нефтехимик» (Ресей, Нижнекамск) командасын ойсырата ұтты.

Ойынның басында «Барыстың» жас хоккейшісі Константин Романов есепті ашып, өз командасын алға шығарды. Үш минут өтпей, «Нефтехимик» таразы басын теңестірді. Бірақ одан аса алмады. Бірінші кезең аяқталғанша, «Барыстың» хоккейшілері қарсыластар қақпасына тағы бір шайбаны салып үлгерді. Ал екінші кезеңде екі рет қақпашыны қапы қалдырды. Осы жолы Константин Романов дубльдың, яғни екі шайбаның авторы атанды. Ал матчтың үшінші кезеңінде Роман Старченко команданың басымдығын ұлғайта түсті. Қорытынды есеп - 5:1.

Кешегі ойыннан кейін «Барыс» 49 ұпаймен татардың «Ақ Барсын» (47) артқа тастап, Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде үшінші орынға шықты. Оның алдында «СКА» (53 ұпай) және «Динамо» (50 ұпай) тұр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!