Бекхэм өз футбол клубын құрады

Фотография - Бекхэм өз футбол клубын құрады

Танымал футболшы Дэвид Бекхэм өз клубын құру жөнінде шешім қабылдады. Команда Майамиге тұрақтап, солтүстікамерикалық бас футбол (MLS) лигасында өнер көрсететін болады

167 0

Танымал футболшы Дэвид Бекхэм өз клубын құру жөнінде шешім қабылдады. Команда Майамиге тұрақтап, солтүстікамерикалық бас футбол (MLS) лигасында өнер көрсететін болады. Бұл туралы Reuters дерегіне сілтеме жасап Newtimes.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Ақпарат көзінің мәліметінше, жаңа клубты ашуға кететін қаражат кемінде 25 млн. долларды құрамақ.

MLS атқарушы директоры Дэн Куртманш (Dan Courtemanche) Бекхэммен келіссөздердің жүргізілгенін растаған, алайда, жаңа топты құру үдерісінің қай кезеңде екендігін айтудан бас тартқан.

Қазіргі таңда 38 жастағы футболшы инвесторлар іздеу үстінде және Pop Idol шоуының құрушысы Саймон Фуллер көмек қолын созуға уәде берді деген де ақпарат таралып үлгерді, - деп атап өтеді Newtimes.kz.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!