Астанада дзюдо клубтары арасындағы Халықаралық турнир бүгін басталады

Фотография - Астанада дзюдо клубтары арасындағы Халықаралық турнир бүгін басталады

Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт сарайында дзюдо клубтары арасындағы Халықаралық турнир басталады

387 0

Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт сарайында дзюдо клубтары арасындағы Халықаралық турнир басталады.

Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған турнирге Ресей, Латвия, Украина мен Қырғызстанның дзюдо клубтары қатысады. Ал ел намысын биыл құрылған «TAK Astana» клубы қорғайтын болады. Клуб жетекшісі Сергей Раковтың айтуынша, ондай турнирлерге легионерлерді тартуға болады. Олардың саны шектеулі болуы тиіс. Дегенмен, «TAK Astana» клубы атынан татамиге шығатын спортшылардың басым бөлігі - Қазақстанның дзюдошылары. Олардың ішінде Елдос Сметов, Асхат Телманов, Азамат Мұқанов, Сергей Лим, Ертуған Төренов, Дастан Үкібаев, Дәулетхан Жақыпов, Максим Раков пен Ержан Шынкеевтер бар - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Айта кеткен жөн, бұл турнир жалпы командалық есепке («Астана арландары» сияқты - авт.) негізделеді. Жеңімпаз атанған клуб 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақыға ие болады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!