«Қазцинк-Торпедо» үшінші рет қатарынан жеңілді

Фотография - «Қазцинк-Торпедо» үшінші рет қатарынан жеңілді

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы сырт алаңда «Южный Урал» (Ресей, Орск) командасына жол беріп қойды

226 0

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы сырт алаңда «Южный Урал» (Ресей, Орск) командасына жол беріп қойды.

Бұл ойында қарсылас команда есепті бірінші болып ашты. Екінші кезеңде «Қазцинк-Торпедо» таразы басын теңестірді. Дегенмен, кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда, «Южный Урал» тағы бір шайбаны соғып, алға шықты. Ал үшінші кезеңде олар есепті еселеп, 1:3-ке дейін жеткізді. «Қазцинк-Торпедо» ойынды өз пайдасына шеше алмады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Айта кетейік, осымен «Қазцинк-Торпедо» үшінші рет қатарынан жеңіліп отыр. Бұған дейін команда «Молот-Прикамье» (Пермь) және «Челмет» (Челябі) командаларынан ұтылған болатын. Соған қарамастан, Өскемен қаласының хоккей клубы Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде екінші орнын сақтап қалды.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!