Қазақстандық Геннадий Головкин чемпиондық атағын қорғап қалды

Фотография - Қазақстандық Геннадий Головкин чемпиондық атағын қорғап қалды

Нью-Йорктегі әйгілі «Мэдисон сквер гарден» кешенінде WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Кертис Стивенсті жеңіп, чемпиондық атағын сақтап қалды

169 0

Нью-Йорктегі әйгілі «Мэдисон сквер гарден» кешенінде WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Кертис Стивенсті жеңіп, чемпиондық атағын сақтап қалды, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл қазақстандық боксшының чемпиондық атағын қорғап қалу жолындағы тоғызыншы жеңісі екенін атап өту қажет.

Кездесуді "Қазақстан" ұлттық арнасы мен "Kazsport" арналары көрсетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!