Ислам Бозбаевты атып кетті

Фотография - Ислам Бозбаевты атып кетті

Болашағынан мол үміт күтіретін талантты жас дзюдошымыз Ислам Бозбаев келеңсіз жағдайға тап болды. Өзінің туған қаласы Теміртауда досының үйлену тойына барған Исламға оқ тиген. Қаладағы мейрамханалардың бірінде болғанда тойда бір кісі қарумен келген. Тойдың арты жанжалға ұласып, ұшқан оқтың бірі спортшы жігітке тиді

311 0

Болашағынан мол үміт күтіретін талантты жас дзюдошымыз Ислам Бозбаев келеңсіз жағдайға тап болды. Өзінің туған қаласы Теміртауда досының үйлену тойына барған Исламға оқ тиген. Қаладағы мейрамханалардың бірінде болғанда тойда бір кісі қарумен келген. Тойдың арты жанжалға ұласып, ұшқан оқтың бірі спортшы жігітке тиді.

Спортшыға осыдан кейін дереу ота жасалып, оқты алып тастаған. Бозбаев қазіргі кезде ем алуда. Палуанымыз екі-үш айдай спорттан қол үзе тұрады. Осы уақыт аралығында толығымен жазылып шығады деп күтіліп отыр.

Бізде өз кезегімізде спортшының тезірек жазылып шығуына тілектеспіз.

Ислам Бозбаев 2010 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.  Лондонда өткен Олимпиада ойындары мен екі бірдей әлем чемпионатына қатысқан. Сондай-ақ, жақында Алматыдағы Гран-При ойындарының жеңімазы


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!