Жасөспірімдер Сербияға аттанады

Фотография - Жасөспірімдер Сербияға аттанады

19 жасқа дейінгі (U-19) Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Жиын 10 қарашаға дейін жалғасады. Осыдан соң, футболшылар Сербияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдеріне аттанады

287 0

19 жасқа дейінгі (U-19) Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Жиын 10 қарашаға дейін жалғасады. Осыдан соң, футболшылар Сербияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдеріне аттанады.

 

Михаил Соловьев оқу-жаттығу жиындарына мына футболшыларды шақырды:

 

Қақпашылар: Михаил Голубничий («Ертіс»), Тимурбек Закиров («Бәйтерек»), Илья Караваев («Қайрат»);

Қорғаушылар: ​ Юрий Кузьменко («Ертіс»), Ислам Шадукаев («Тобыл»), Кирилл Сухоносенко («Ертіс»), Алексей Маров («Атырау»), Асқат Ермекұлы («Ордабасы»), Константин Хан («Сұңқар), Әбілқайыр Ысмайылов («Астана»), Саламат Өсербай («Сұңқар);

Жартылай қорғаушылар: Абай ​Жүнісов («Астана»), Әлімжан Тұржанов («Ордабасы»), Әлішер Сүлей («Тобыл»), Әнуар Жағыппар («Қайрат»), Нурлан Даиров («Қайрат»), Юрий Чифин («Ертіс), Александр Шарифуллин («Астана»);

Шабуылшылар: Абат Аймбетов («Ақтөбе»), Мадияр Райымбек («Қайрат»), Біржан Сағындық («Астана-1964»), Еркебұлан Тұнғышбаев («Қыран), Владислав Морозов («Восток»).


Біздің топта алаң иелері Сербиядан бөлек Австрия мен Финляндия құрамалары бар. Іріктеу кезеңінің ойындары қарашаның 11-19-ы аралығында өтеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!