Қазақ дзюдошылары жеңіске жетті

Фотография - Қазақ дзюдошылары жеңіске жетті

Астанада дзюдодан ерлер арасындағы бірінші клубтық турнир аяқталды

267 0

Астанада дзюдодан ерлер арасындағы бірінші клубтық турнир аяқталды.

Турнир командалық сипатта,  7 салмақ (­­- 60 келі, – 66 келі, – 73 келі, – 81 келі, – 90 келі және +100 келі  ) дәрежесінде өтті.

Сайысты ұйымдастырушы «TAK Astana Club» клубынан бөлек, турнирде  Қырғызстан, Ресей, Латвия және Украина елдерінен келген жалпы есебі 5 команда сынға түсті.

Қатысушы командалар:

«TAK Astana Club» клубы – Қазақстан

«Самбо -70 Мәскеу»   -  Ресей

Челябинск қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығының клубы  - Ресей

«Ippon» клубы - Қырғызстан

«City Commerce Bank Team» клубы - Украина

«Riga Dome» клубы – Латвия

Аталған турнирде Қазақстан намысын 2010 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы Елдос Сметов, 2013 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов, "Шартарап шеберлері" турнирінің жеңімпазы Сергей Лим, 2009 жылғы әлем чемпионы, 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Максим Раков бастаған талантты дзюдошылар қорғаған болатын.

Дзюдодан өткен бірінші клубтық турнирдің жеребесіне сәйкес, Ресей-Қырғызстан арасындағы тартыста жеңімпаз атанған «Самбо-70 Мәскеу»   клубы украиналық «City Commerce Bank Team» ұжымымен кездесіп, жеңіліп қалды. Ал Қазақстан-Ресей арасындағы кездесуде «TAK Astana Club» дзюдошылары жеңімпаз атанып,  екінші айналымда латвиялық  «Riga Dome» клубынан да басым түсті. Осылайша, финалда Қазақстан және Украина командалары кездесті.

Ақтық айқастар өте тартысты өтіп, таразы басы 3:3 есебімен теңесіп тұрған. Қуанышқа қарай, аса ауыр салмақтағы Ержан Шынкеев командаластары мен жанкүйерлер үмітін ақтап, шешуші белдесуде Станислав Бондаренконы жеңді.

Финалдық белдесулер нәтижесі:

60 келі

Асхат Тельманов – Геворг Геворгян – 1:0

66 келі

Азамат Мұқанов - Георгий Зантарая – 1:1

73 келі

Ертуған Төренов - Сергей Дребот – 1:2

81 келі

Яхие  Имамов (Өзбекстан) - Виталий Попович – 2:2

90 келі

Еркін Дөниеров (Өзбекстан) - Вадим Синявский – 2:3

100 келі

Максим Раков - Дмитрий Лучин – 3:3

+100 келі

Ержан Шынкеев - Станислав Бондаренко – 4:3

Турнирдің жүлде қоры 100 мың АҚШ долларына тең. 1 орын алған команда 50 мың, 2 орын иеленген ұжым 30 мың, 3-і орындағы клуб 20 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды. Үшінші орын үшін күресте екі ресейлік клуб кездесіп, «Самбо-70 Мәскеу» клубы қола жүлдегер атанды. Олар Челябинскіден келген отандастарынан 5:2 есебімен басым түскен болатын.

5-6 орындарда  «Riga Dome» және «Ippon» командалары.

«ТАК Astana Club» кәсіби дзюдо клубы 2013 жылдың маусымында құрылды. Клубтың негізгі мақсаты -  клубтық дзюдо жүйесін Қазақстан мен Азия аймағында дамыту. Команданың негізін Қазақстан ұлттық құрамысының спортшылары құрайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!