Бауыржан Исламхан «Астанадан» кетті

Фотография - Бауыржан Исламхан «Астанадан» кетті

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Астана» командасынан қол үзді

385 0

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Астана» командасынан қол үзді.

Футболшы әуелі туған жері Тараз қаласына ат басын бұрып, туған туыстарымен қауышпақ. Одан кейін жерлесіміз Ресей біріншілігінде өнер көрсететін «Кубань» командасының сапында қайта қосылады. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың көктемінде Бауыржан Исламханды елордалық футбол клубы жалға алған болатын. Міне, бүгін екеуара жасалған келісім-шарт аяқталып отыр.

Vesti.kz сайтының хабарлауынша, Бауыржанның алдағы жұмыс жоспары қалай өрбитіні белгісіз. Өйткені, «Кубань» клубы қазақтың аяқдоп шеберін басқа командаға жалға беруі де бек мүмкін екен. Қазақстан чемпионатында Бауыржан Исламхан жеті матч өткізіп, бір гол соққан. Сондай-ақ, Еуропа Лигасында бір рет өнер көрсеткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!