Ұлттық хоккей лигасының ойыншысы «Барыстың» сапына өтуі мүмкін

Фотография - Ұлттық хоккей лигасының ойыншысы «Барыстың» сапына өтуі мүмкін

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Ұлттық хоккей лигасының ойыншысы, қорғаушы Кэм Баркермен келіссөздер жүргізіп жатыр

210 0

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Ұлттық хоккей лигасының ойыншысы, қорғаушы Кэм Баркермен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, ол жұмыс сәтті аяқталса, ойыншының Құрлықтық хоккей лигасындағы екі апталық демалыстан кейін «Барыс» сапына қосылуы әбден мүмкін. К.Баркер «Чикаго Блэкхоукс», «Миннесота Вайлд», «Эдмонтон Ойлерс» және «Ванкувер Кэнакс» сынды командаларда өнер көрсетті. Ұлттық хоккей лигасында ол жалпы саны 310 матч өткізіп, 96 ұпай жинаған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Айта кетейік, соңғы матчта Астана қаласының хоккей клубы «Салават Юлаевты» (Башқұртстан, Уфа) жеңіп, екі апталық демалысқа шықты. «Барыстың» келесі ойыны 13 қараша күні сырт алаңда өтеді. Латвияның Рига қаласында жергілікті «Динамо» хоккей клубымен кездеседі.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!