Бейбіт Ыстыбаев «Eurasia Barysi» халықаралық додасында белдеседі

Фотография - Бейбіт Ыстыбаев «Eurasia Barysi» халықаралық додасында белдеседі

Желтоқсан айының жетінші жұлдызында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен «Eurasia Barysi» халықаралық жарысы өтеді. Байрақты бәсекеде ел намысын «Қазақстан Барысы-2012» турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев қорғайды

167 0

Желтоқсан айының жетінші жұлдызында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен «Eurasia Barysi» халықаралық жарысы өтеді. Байрақты бәсекеде ел намысын «Қазақстан Барысы-2012» турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев қорғайды.

Биыл Астанада қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирі дүркіреп өтті. Алайда, финалдық жолдама үшін белдескен Бейбіт Ыстыбаев пен Ержан Шынкеевтің айқасы үлкен дау-дамауға ұласқаны ел есінде. Осы мәселе орай, «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясының президенті Серік Төкеев екі балуанға қатаң сөгіс жарияланғанын мәлім етіп, Бейбіт Ыстыбаевтың үшінші орынға белдеспегені үшін 1 жылға қазақ күресінен шеттетілгенін айтқан болатын.

Бүгін Астанада «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының ұйымдастыруымен өткен баспасөз мәслихатында Серік Төкеев «Eurasia Barysi» халықаралық додасында Бейбіт Ыстыбаевтың боз кілемге шығатынын жеткізді.

«Бейбіт Ыстыбаевтың 1 жыл қазақ күресінен Азия және Әлем чемпионаттарынан шеттетілді. Демек, ол ресми жарыстарға қатыса алмайды. Алайда, Бейбіт өзінің кіндік қаны тамған Тараз жерінде «Eurasia Barysi» халықаралық додасында бақ сынайтын болады. Біз жерлесімізден жеңіс күтеміз»,-деді Серік Төкеев.

Естеріңізге сала кетейік, «Тараз-Арена» стадионында өтетін дүбірлі додаға Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Түркия, Иран, Польша, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің білекті балуандары қатысады деп күтілуде.

5 салмақ дәрежесі бойынша өтетін халықаралық жарыста ел намысын Бекзат Ахметбеков (60 келі), Естек Ерлан (70 келі), Ерсін Мұхамеджанов (90 келі), Мұхит Тұрсынов (90 келі), Бейбіт Ыстыбаев (+90 келі) қорғайтын болады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!