Бүгін «Шахтердың» тағдыры шешіледі

Фотография - Бүгін «Шахтердың» тағдыры шешіледі

Бүгін қарағандылық "Шахтер" Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында Голландияның "Аз Алкмаар" командасымен қарымта кездесу өткізеді

129 0

Бүгін қарағандылық "Шахтер" Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында Голландияның "Аз Алкмаар" командасымен қарымта кездесу өткізеді.

Виктор Кумыков шәкірттері осыдан бірнеше күн Нидерланды еліне табан тіреп, жауапты матчқа дайындықтарын бастап кеткен болатын. Кеншілердің бас бапкері қарымта кездесуге 14 аяқдоп шеберін апарғаны белгілі болды. Олардың қатарында қақпашы Александр Мокин, қорғаушылар Алдин Джидич пен Андрей Порываев, жартылай қорғаушы Гедиминас Вичюс және Андрей Финонченко мен Сергей Хижниченко бар.

Матч алдында «Шахтер» мен «Аз Алкмаар» командарының бас бапкерлері баспасөз мәслихатын өткізді. Онда «Кеншілердің» жаттықтырушысы алдағы ойынның қиынға соғатынын тілге тиек еткенімен, қарсыластарын тосын-сыйларымен таңдай қақтыратындықтарын жасырмаған. Осы тұста, оның әріптесі Дик Адвокат көптеген командарларға Голландия жерінде өтетін кездесулер жеңіспен аяқталмайтынын атап өткен.

Ал, ресейлік букмекерлер «АЗ»  «Шахтер» арасындағы матч 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілетінін айтуда.

Естеріңізге сала кетейік, екі команда арасындағы матч қарашаның 7-інен 8-іне қараған түні Астана уақытымен сағат 02:05-те басталады.

«АФАС» стадионынан тікелей эфирді «КТК» телеарнасы назарларыңызға ұсынады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!