Головкиннің негізгі қарсыласы – Питер Куиллин

Фотография - Головкиннің негізгі қарсыласы – Питер Куиллин

WBO нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионы америкалық Питер Куиллин қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуге қарсы емес екендігін мәлім етті. Ол жуырда ғана тағы бір рет чемпиондық атағын қорғады

257 0

WBO нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионы америкалық Питер Куиллин қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуге қарсы емес екендігін мәлім етті. Ол жуырда ғана тағы бір рет чемпиондық атағын қорғады.

Куиллин Геннадий Головкинмен немесе Серхио Мартинеспен шығуым керек деп отыр. Қазақстандық боксшы да онымен шығуға қарсы емес. Алайда, америкалықтың айтуынша, Головкинмен кездесу үшін әуелі қаржы және трансляция мәселесін шешу қажет. Өйткені, Куиллиннің жекпе-жектерін бүгінге дейін HBO арнасының бәсекелесі – Showtime арнасы көрсетіп келеді.

«Головкиннің соққылары өте жойқын, ол кездесулерінің 89 пайызын нокаутпен аяқтаған. Осы тұрғыдан алғанда, Гена әлем чемпиондарының арасында бірінші орында тұр», - дейді Куиллин.

Америкалық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін қазан айының соңында Атлантик-Ситиде отандасы Габриэль Росадоға қарсы өткізді. Бұл – Куиллиннің кәсіби бокстағы 30-шы жеңісі, оның 22-сінде нокаутпен жеңген.

Головкиннің келесі жекпе-жегі 2014 жылдың 1 ақпанында Монте-Карлода өтеді. Оның келесі қарсыласы WBA дәрежесі бойынша орта салмақтағы уақытша чемпионы британиялық Мартин Мюррей мен австралиялық Гэрз Вудтың кездесуінен кейін белгілі болады. Бұл екі боксшы шаршы алаңда 12 желтоқсанда Австралияда кездеседі.

Генаның промоутерінің айтуынша, британиялық Карл Фрочтың немесе америкалық Андре Уордтың командасымен келіссөздер жүргізу үшін Головкин 76,2 келіге өтуі тиіс.

Естеріңізге саламыз, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде америкалық боксшы Кертис Стивенсті 8-раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Бұл – Генаның 28 жеңісі, оның 25-ін жерлесіміз нокаутпен аяқтаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!