Қазақ футболында ауыс-түйіс басталды

Фотография - Қазақ футболында ауыс-түйіс басталды

Еліміздегі футбол маусымы аяқтала салысымен, кейбір командалар маусымды сәтсіз өткізген ойыншылармен қош айтысып, құрамдарын әлден екшеп жатыр

174 0

Еліміздегі футбол маусымы аяқтала салысымен, кейбір командалар маусымды сәтсіз өткізген ойыншылармен қош айтысып, құрамдарын әлден екшеп жатыр.

Келесі жылы Еуропа лигасының іріктеу додасына қатысатын Алматының «Қайраты» биылғы маусымда негізгі құрамда өнер көрсеткен төрт бірдей футболшысын трансферге қойды. Олар – Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен экс-ресейлік Казбек Гетериев, Руслан Сақалбаев, Тимур Байжанов, Антон Землянухин.

Ал Стюарт Дафф, Даниэль Аддо, Виталий Ли және Ильдар Шайхесламов секілді жалға келген футболшылардың келісімшарттары аяқталды. Оның алдында Бразилияда оқып келген Рауан Сариев те Вайссқа керек болмай трансферге қойылған болатын.

Ел чемпионы «Ақтөбе» өзбекстандық Тимур Кападземен келісімшартты бір жылға созса, Сергей Ковальчукпен қош айтыспақшы.

«Ордабасы» футбол маусымы аяқтала сала қатарларына су жаңа бір ойыншыны қосып үлгерді. Биылғы жылы «Қайсар» сапында бірінші лиганың сұрмергені атанған Жасұлан Молдақараев келесі жылы өз карьерасын Шымкентте жалғастырады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!