Головкин АҚШ-тағы ең танымал қазақ деп танылды

Фотография - Головкин АҚШ-тағы ең танымал қазақ деп танылды

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин АҚШ-та төрт кездесу өткізіп, барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Бүгінде қарсылас шақ келтірмей жүрген жерлесіміз жайында американдық бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда

249 0

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин АҚШ-та төрт кездесу өткізіп, барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Бүгінде қарсылас шақ келтірмей жүрген жерлесіміз жайында американдық бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда.

Жергілікті «USA Today» газеті Геннадий Головкиннің АҚШ жерінде небәрі төрт кездесу өткізгенін, соған қарамастан күллі халықтың назарын өзіне аударғанын жаза отырып: «Үнемі күлімсіреп жүріп, күрзі жұдырығымен қарсыластарын нокаутқа жіберетін Головкин аз уақыт ішінде АҚШ-тағы танымал қазақ аталып отыр», - деп келтіріпті басылым.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 2014 жылы төрт кездесу өткізуді жоспарласа, оның біріншісін алдағы ақпан айының бірінші жұлдызында Монте-Карлода өткізеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!