Денис Кузин Калгариде өткен Әлем кубогі кезеңінде төртінші орынға ие болды

Фотография - Денис Кузин Калгариде өткен Әлем кубогі кезеңінде төртінші орынға ие болды

Қазақстандық Денис Кузин Калгариде өтіп жатқан конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогінің бірінші кезеңінде 1000 метр қашықтықта мәреге төртінші болып келді

149 0

Қазақстандық Денис Кузин Калгариде өтіп жатқан конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогінің бірінші кезеңінде 1000 метр қашықтықта мәреге төртінші болып келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Американдық Шани Дэвис 1000 метрлікті 1 минут 7,46 секундта жүгіріп өтіп, жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Нидерланды спортшысы Кьелд Нейс (+0,11 секунды) иеленсе, үшінші сатыға американдық Брайан Хансен (0,18) жайғасты.

Қазақстандық спортшы 1000 метр қашықтықты 1 минут 7,71 секундта жүгіріп өтті, ол жеңімпаздан 0,25 секундқа қалып қойды. Осы нәтиженің арқасында Кузин еншісіне 60 ұпай қосты.

Естеріңізге сала кетейік, 24 жастағы Кузин 2013 жылы Сочиде өткен әлем біріншілігінде топ жарған болатын.

Айта кетейік, «А» тобында сынға түскен тағы бір қазақстандық Екатерина Айдова 500 метр қашықтықта 15-ші нәтиже көрсетіп, қоржынына 14 ұпай салды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!