Елбасы Қазақстанның футбол бойынша кубогын «Шахтер» ойыншыларына тапсырды

Фотография - Елбасы Қазақстанның футбол бойынша кубогын «Шахтер» ойыншыларына тапсырды

 Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Арена» стадионында футболдан 2013 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының финалдық ойынын тамашалады

238 0

 Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Арена» стадионында футболдан 2013 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының финалдық ойынын тамашалады.

 

Сондай-ақ, ойынды УЕФА президенті Мишель Платини мен Қазақстан футбол федерациясының басшысы Ә.Жақсыбеков көрді. 

 

«Тараз» командасын (Тараз қ.) 1-0 есебімен жеңген «Шахтер» клубы (Қарағанды қ.) Қазақстан Кубогының биылғы маусымдағы иегері атанды.

 

Ойын аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысының өзі жеңімпаздарды құттықтап, оларға Кубокты тапсырды - деп хабарлады  newskaz.kz

 

Қазақстан Кубогы үшін ойындар 1992 жылдан бастап өткізіліп келеді. Кубок жеңімпазы келесі маусымның бас кезінде Суперкубок үшін Қазақстан чемпионымен ойнайды, сондай-ақ 2014-2015 жылдардағы маусымда Еуропа Лигасында ойнау құқығына ие болады. 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!