Геннадий Головкин отанына оралды

Фотография - Геннадий Головкин отанына оралды

Бокстан WBA дәрежесі бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин кеше Астанаға келді

370 0


Бокстан WBA дәрежесі бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин кеше Астанаға келді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Боксшының ағасы Максим Головкиннің айтуынша, әйгілі отандасымыз Қазақстанға қысқа уақытқа келген. Астанада бірқатар шаруаларын шешкен соң, Қарағандыға үйіне барады. Әзірге бар мәлімет осы. Бокссүйер қауым, әсіресе, Генаны құрмет тұтатын жанкүйерлер онымен кездесудің жолын қарастырып жатыр.

Естеріңізде болса, 2013 жылдың 3 қарашасында Головкин америкалық боксшы Кертис Стивенспен Нью-Йоркте жекпе-жек өткізіп, қарсыласын 8 раундта нокаутпен жеңген еді. Ауыр соққылардан Стивенстің қабағы жарылып, оның бапкері жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Геннадидің келесі кездесуі 1 ақпанда Монте-Карлода өтеді. Оның қарсыласының аты әзірге беймәлім. Жерлесіміз бүгінге дейін 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, оның 25-ін нокаутпен аяқтаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!