«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Динамо»

Фотография - «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Динамо»

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Динамо» (Латвия, Рига) командасымен кездеседі

301 0

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Динамо» (Латвия, Рига) командасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұл - «Барыстың» екі апталық демалыстан кейінгі бірінші ойыны. Оған дейін екі команда да 23 матчтан өткізді. «Динамо» командасы 15 ойында жеңіске жетсе, «Барыстың» хоккейшілері 18 мәрте өз қарсыластарынан басым түсті. Жалпытурнирлік кестеде Рига қаласының хоккей клубы алтыншы орында орналасқан. Ал «Барыс» үшінші орында келеді.

Айта кетейік, бүгінгі матчта Астана қаласының хоккей клубының сапында жаңа ойыншы, қорғаушы Кэм Баркер өнер көрсетпек. Ол «Чикаго Блэкхоукс», «Миннесота Вайлд», «Эдмонтон Ойлерс» және «Ванкувер Кэнакс» сынды командаларда ойнаған. Ұлттық хоккей лигасында ол жалпы саны 310 матч өткізіп, 96 ұпай жинаған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Ойын Астана уақыты бойынша түнгі сағат 23:30-да басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!