Ненад Эрич «қазақ» болғысы келеді

Фотография - Ненад Эрич «қазақ» болғысы келеді

 Қазақстанның футбол құрамасы алдағы уақытта құрамы бойынша бұрынғы Югославияға ұқсайтын болады

122 0

Қазақстанның футбол құрамасы алдағы уақытта құрамы бойынша бұрынғы Югославияға ұқсайтын болады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» АА.

Бұл ретте Босниялық Алдин Джидич, Николой Василевич пен Градимир Црногорацтың ізінше сербтік голкипер Ненад Эрич те қазақстандық төлқұжатқа ие болуды көздеуде, деп жазады Sports.kz.

Ненад Эрич Қазақстанға 2010 жылы келген. Ол алғашқы маусымды «Қайрат» құрамасында өткізді. Кейінгі үш жылда «Астана» свитерінде ойыншы болды. Алайда, астаналық клубпен келісімшарты аяқталып отыр. Ендігіде, келер жылдың өрінде регламентке сәйкес премьер-лигада өнер көрсете алмайды. Бүгінде оның жасы 32-де және Сербия құрамасы ойыншысы да емес.

Айта кетейік, сербтік азаматтармен осы сипаттағы прецедент жоқ емес, бар. «Жетісу» шабуылшысы Иван Перич елімізде 5 жыл өнер көрсетіп, ақырында төлқұжатқа ие болды. Ал, Эрич мұнда төрт-ақ жыл өмірін өткізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!