Жейлітбаевтің жүлдесі Жұмасқалиевқа бұйырды

Фотография - Жейлітбаевтің жүлдесі Жұмасқалиевқа бұйырды

Жыл басында Кәсіпқой футбол лигасы  марқұм Серік Жейлітбаевтың атында арнайы жүлде тағайындаған болатын. Бұл сыйлық әр жылы ел чемпонатында ең көп ойын өткізген футболшыға беріліп отырады

146 0

Жыл басында Кәсіпқой футбол лигасы  марқұм Серік Жейлітбаевтың атында арнайы жүлде тағайындаған болатын. Бұл сыйлық әр жылы ел чемпонатында ең көп ойын өткізген футболшыға беріліп отырады.

Жейлітбаев атындағы жүлденің алғашқы жеңімпазы Қазақстан чемпионатының голеадоры, «Тобыл» командасының капитаны Нұрбол Жұмасқалиевқа бұйырды.

Естереңізде болса, қаңтарда аса ауыр науқастан қайтыс болған Серік Жейлітбаевтың атындағы жүлдені тағайындау жайлы шешім қабылданған.

Әлі күнге дейін ел біріншілігінде ең көп ойын өткізген ойыншы ретінде Серік Жейлітбаевтың есімі аталады. Қазақстан чемпионатында 20 жылға жуық доп тепкен Серік 462 ойын өткізген екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!