"Арсенал" Кәрімге көз тігуде

Фотография - "Арсенал" Кәрімге  көз тігуде

Лондондық «Арсенал» мадридтік «Реалдың» 25 жастағы шабуылшысы Кәрім Бенземаға құда түспекші

179 0

Лондондық «Арсенал» мадридтік «Реалдың» 25 жастағы шабуылшысы Кәрім Бенземаға құда түспекші. Бұл туралы  Daily Express хабарлауда.

"Канонирлер" француз ойыншысы үшін 27 миллион фунт стерлинг ұсынып көрмек. "Карольдік клуб" басшылығы сол уақытта Луис Суаресті 50 миллионға сатып алмақ екен. «Арсеналдың» бас бапкері Арсен Венгер бұдан бұрын да шабуыл шебін тағы бір шабуылшымен күшейтетіндігін айтқан болатын.

Хабарланып отырғандай, келісім орнай қалған жағдайда, жаз маусымында ғана жүзеге асатын көрінеді.

Бензема осы маусымда испан біріншілігінде 12 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 5 нәтижелі пастың авторы атанған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!