Жүзу спортынан өткен ел біріншілігінен батысқазақстандықтар жүлдемен оралды

Фотография - Жүзу спортынан өткен ел біріншілігінен батысқазақстандықтар жүлдемен оралды

 Қарағанды облысы Сәтпаев қаласында жүзу спортынан жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінен батысқазақстандықтар олжалы оралды

105 0

 Қарағанды облысы Сәтпаев қаласында жүзу спортынан жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінен батысқазақстандықтар олжалы оралды.

Республика өңірлерінен 90-ға жуық балғын спортшы қатысқан сайыста Жәңгір Жолдаспаев 50 метрге браспен жүзу әдісі бойынша үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ Мәншүк Сұлтанғалиева 50 метрге баттерфляй әдісі және жүзудің аралас түрлері бойынша қола жүлдені еншіледі - деп хабарлады ҚазАқпарат

Аталмыш жарысқа БҚО-дан алты спортшы қатысып қайтты.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!