«Барыс» буллит сериясында ұтылды

Фотография - «Барыс» буллит сериясында ұтылды

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Динамо» (Латвия, Рига) командасына жол беріп қойды

257 0

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Динамо» (Латвия, Рига) командасына жол беріп қойды.

Ойынның басында алаң иелері есепті бірінші болып ашты. Алайда екінші кезеңде «Барыс» таразы басын бір емес, екі рет теңестіре білді. Есеп - 2:2. Үшінші кезеңде есеп өзгермеді. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталған жоқ. Осыдан кейін командалар буллит сериясына көшті. Онда буллиттің төрт бірдей сериясын өткізуге тура келді. Себебі екі команданың қақпашылары шайбаларды шебер қайтара білді. Дегенмен, бұл матчта «Динамоның» жолы болды. Есеп - 2:3.

«Барыс» хоккей клубы кешегі ойында ұтылса да, қосымша уақытқа дейін жеткені үшін бір ұпайға ие болды. Қазір команданың еншісінде барлығы 53 ұпай бар. Осылайша ол құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде үшінші орнын сақтап қалды. Ал «Динамо» бұрынғы алтыншы орында келеді - деп хабарлады  ҚазАқпарат


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!