Иньеста «Барселонамен» келісім-шартын созбақ

Фотография - Иньеста «Барселонамен» келісім-шартын созбақ

Каталондық «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста алдағы уақытта командамен келісім-шартын 2017 жылға дейін созатынын мәлімдеді. Бұл туралы sport.es сайты хабарлап отыр

353 0

Каталондық «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста алдағы уақытта командамен келісім-шартын 2017 жылға дейін созатынын мәлімдеді. Бұл туралы sport.es сайты хабарлап отыр.

Испания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы мен «Барселона» командасы арасындағы келісім-шарт 2015 жылдың жазында аяқталады. Осыған дейін Иньеста командамен жаңа келісімге қол қоятыны жайлы хабарламаған болатын. Енді футболшы каталондықтармен тағы да 2 жылдық келісімге отырмақшы. Жалақы мөлшері жылына 12 миллион евроны құрамақ.

Естеріңізге сала кететін болсақ, бүгін ғана «Манчестер Юнайтед» қысқы трансферге дейін Андрес Иньеста командамен жаңа келісім-шартқа отыратынын мәлімдемесе, өз саптарына шақыруға ниетті екендіктерін жеткізген болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!