Бүгін «Астана арландары» мен «Баку Файерс» жұдырық түйістіреді

Фотография - Бүгін «Астана арландары» мен «Баку Файерс» жұдырық түйістіреді

Бүгін Алматыда WSB додасының төртінші маусымы аясында «Астана арландары» алғашқы кездесуін Әзірбайжан елінің “Баку Файерс”командасымен өткізеді

186 0

Бүгін Алматыда WSB додасының төртінші маусымы аясында «Астана арландары» алғашқы кездесуін Әзірбайжан елінің “Баку Файерс”командасымен өткізеді.

Енді WSB додасының жаңа ережесіне сәйкес шаршы алаңда 10 боксшы өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін команданың намысын 5 былғары қолғап шебері қорғап келген-ді. «Астана арландары» клубының бас директоры Болат Манкеновтың айтуынша, бүгін Алматыда өтетін айқасқа 49, 56, 64, 75 және 91 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылар ел намысын қорғаса, 52, 60, 69, 81 және аса ауыр салмақтағы спортшылар 2014 жылдың 18 қаңтарында Әзірбайжан жерінде өтетін қарымта жекпе-жекте жұдырықтасатын болады. Ал 22 қарашада Мәскеуде біздің жігіттер Ресей құрамасымен кездеседі.

«Астана арландарының» құрамы:

49 кг: Анвар Музапаров - Хамза Наметов

56 кг: Бағдат Әлімбеков - Магомед Гурбанов

64 кг: Асхат Уалиханов - Осман Алиев

75 кг: Сергей Деревянченко (Украина) - Микалай Весялу (Белоруссия)

91 кг: Василий Левит - Абдулкадыр Абдулаев

52 кг: Миша Алоян — Олжас Сәттібаев

60 кг: Адлан Абдурашидов — Самат Башенов

69 кг: Александр Иванов — Мейірім Нұрсұлтанов

81 кг: Дмитрий Бивол — Данабек Сужанов

+ 91 кг: Сергей Кузьмин — Филип Хргович (Хорватия).

Естеріңізге сала кетейік, дүниежүзілік бокс сериясында ел намысын абыроймен қорғап жүрген “Астана Арланс” командасы былтыр жеңімпаз атанған болатын. Биыл жерлестеріміз атақтарын қорғай ала ма, жоқ па? Мұның жауабы уақыт еншісінде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!