Бүгін «Барыс» мәскеулік «ЦСКА»-мен кездеседі

Фотография - Бүгін «Барыс» мәскеулік «ЦСКА»-мен кездеседі

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Мәскеуде жергілікті «ЦСКА» командасымен кездеседі

185 0

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Мәскеуде жергілікті «ЦСКА» командасымен кездеседі.

Жалпы, осы уақытқа дейін екі команда он рет кездескен болатын. «ЦСКА» жеті мәрте жеңсе, «Барыс» үш-ақ рет қарсыласынан басым түсті. Дегенмен, биылғы чемпионатта астаналық клуб «ЦСКА»-ға қарағанда, оқ бойы озық келеді. 26 матчтан кейін «Барыстың» еншісінде 53 ұпай бар. Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде команда үшінші орынға орналасты. Ал оның бүгінгі қарсыластары - «ЦСКА» хоккей клубы барлығы 26 ойын өткізіп, соның нәтижесі бойынша тек 40 ұпай ғана жинап үлгерген. Қазіргі кезде мәскеулік топ 10-шы орында келеді.

Айта кетейік, бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 21:30-да басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!