Украина құрамасы Франция футболшыларын жеңді

Фотография - Украина құрамасы Франция футболшыларын жеңді

Футболдан Украина ұлттық құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінің плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында Франция командасын 2:0 есебімен жеңді

129 0


Футболдан Украина ұлттық құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінің плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында Франция командасын 2:0 есебімен жеңді.

Жұма күні кешке Киевте өткен кездесудің 61-минутында француздар қақпасына алғашқы голды Роман Зозуля салды. Ал оның командаласы Андрей Ярмоленко ойынның 82-минутында пенальтиден екінші допты енгізді. Қарымта кездесу 20 қарашада Парижде өтеді.

Сонымен бірге, футболдан әлем чемпионатының Рейкьявиктегі іріктеу ойынында Исландия мен Хорватия 0:0 есебімен тең түсті. Португалия командасы Швецияны 1:0 есебімен ұтты, бұл матчтағы жалғыз голды Криштиану Роналду салды.

Ал Румыния футболшылары Грекия құрамасынан 3:1 есебімен жеңіліп қалды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!