Головкиннің бапкері Уордтың өнерін тамашалады

Фотография - Головкиннің бапкері Уордтың өнерін тамашалады

 Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес америкалық боксшы Андре Уорд пен доминикандық Эдвин Родригестің жекпе-жегіне қатысты

304 0


Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес америкалық боксшы Андре Уорд пен доминикандық Эдвин Родригестің жекпе-жегіне қатысты.

Уорд пен Родригестің кездесуі қарашаның 16-нан 17-не қараған түні Калифорния штатында өтті. Кездесуде америкалық спортшы айқын басымдықпен жеңіске жетті. Андре Уорд осымен 26 кездесу өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтаған. Бұл жолы Уорд WBA дәрежесі бойынша чемпиондық белдігін қорғады - деп хабарлады  baq.kz

Сонымен қатар, бұл жекпе-жекті тамашалауға қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес пен промоутері Том Лефлер арнайы келді. Бұл кездесуге Головкин де шақырту алған, алайда, жерлесіміз: «Уордты құрметтеймін, ол өте жақсы жігіт. Бірақ та үйде жатып, ұйқымды қандырғаным әлдеқайда жақсы» - деп жауап қатқан.

Айта кету керек, Головкиннің келесі жылдың 2 ақпанында өткізетін кездесуіне ең негізгі қарсылас осы Уорд болуы мүмкін деген әңгімелер айтылған еді. Алайда, америкалық боксшы қорыққан болуы керек, Головкинмен шықпайтынын мәлімдеген.

 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!