Андре Уорд: "Мен Головкиннің әлсіз тұстарын білемін"

Фотография - Андре Уорд: "Мен Головкиннің әлсіз тұстарын білемін"

Әлемдегі орта салмақтағы мықты боксшылардың бірі американдық Андре Уорд жерлесіміз Геннадий Головкиннің осал тұстарын білетінін айтып, оны шаршы алаңда кездесуге шақырып отыр

149 0

Әлемдегі орта салмақтағы мықты боксшылардың бірі американдық Андре Уорд жерлесіміз Геннадий Головкиннің осал тұстарын білетінін айтып, оны шаршы алаңда кездесуге шақырып отыр.

«Ол қандай боксшы болса да, онымен айқасуыма ешқандай кедергі жоқ. Мен ешкімнен қашпаймын. Головкинді қатты сыйлаймын, бірақ, оның әлсіз жақтарын білемін. Ол мықты спортшы, десе де оның қаншалықты күшті екенінен бейхабармын. Геннадий Олимпида ойындарының күміс жүлдегері. Кәсіпқой бокстағы шеберлігі күмән тудырады. Себебі, ол әлі нағыз мықты қарсыласқа тап болған жоқ. Головкиннің командасынан сұраңыздар, дәл қазір орта салмақтағы ең мықты боксшымен айқасуға келісер мекен? Қазір олар өздеріне лайықты қарсылас іздеп жүргенін білемін. Сауалымды қысқаша қайыратын болсам, айналсоқтап жүре бермей, іске кірісін. Бірақ, Головкин бір тоқтамға келеді деп ойламаймын»,- деп хабарлапты Уорд.

Жуырда британдық былғары қолғап шебері Мэттью Маклин қазақстандық боксшыны Уорд жеңе алатынын немесе Головкин Уордттан басым түсетінін айта келе, бірақ бұл жекпе-жек жақын арада өтпейтінін, ол үшін екі боксшы бірнеше кездесу өткізу керектігін айтқан - деп хабарлады  baq.kz

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Уордтың салмақтарында айырмашылық бар. Жерлесіміз американдық боксшымен қолғап түйістіру үшін 4 келі салмаққа толысуы тиіс.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!