Головкин балаларға 5 мың еуро аударды

Фотография - Головкин балаларға 5 мың еуро аударды

Сенбі күні Людвигсбургте өткен қайырымдылық кешінде WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин қайырымдылыққа 5 мың еуро көлемінде қаражат аударды

235 0

Сенбі күні Людвигсбургте өткен қайырымдылық кешінде WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин қайырымдылыққа 5 мың еуро көлемінде қаражат аударды.

Удо Линденберг, Регина Хальмих, Ральф Меллер және Головкиннің менеджері Олег Германн секілді танымал спортшылар аса ауыр салмақта бұрынғы Еуропа чемпионы Луан Красничи мен тай боксы бойынша құрлықтың бұрынғы чемпионы Уве Хюк арасындағы жекпе-жекті тамашалады.

Түскен қаражаттың жартысы SOS-балалар деревнясын қолдау үшін ұйымдастырылған Хюк қорына тапсырылады. Аталмыш балалр деревнясына Головкин де белсенді қол ұшын беріп жүргенін атап өтейік. Қазақстан боксшысы іс-шараға жұбайымен, менеджері Макс Германн, сондай-ақ, досы және қауіпсіздік қызметінің бастығы Роланд Симонешимен бірге қатысты - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Төрешілердің шешімімен аталған қайырымдылық жекпе-жегінде Красничи Хюктан басым түсті.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!