Андре Уорд: "Мен Головкиннің әлсіз тұстарын білемін"

Фотография - Андре Уорд: "Мен Головкиннің әлсіз тұстарын білемін"

Орта салмақтағы әлемнің үздік боксшыларының бірі, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, америкалық Андре Уорд қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің осал тұстарын жақсы білетіндігін мәлімдеді

298 0

Орта салмақтағы әлемнің үздік боксшыларының бірі, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, америкалық Андре Уорд қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің осал тұстарын жақсы білетіндігін мәлімдеді. Бұл жөніндегі MMAboxing.ru порталы хабарлады.

«Мен үшін кіммен болса да шаршы алаңға шығу қиындық туғызбайды. Бұл жағынан мен ешкімнен қашқан емеспін. Мен Головкинді сыйлаймын, алайда оның әлсіз тұстарын да жақсы білемін. GGG тамаша боксшы, бірақ оның қаншалықты мықты екенін де білемін. Головкин Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Ал оның кәсіби рингтегі жетістігіне келер болсам, ол осы күнге дейін бірде-бір мықты, ел таныған боксшымен шығып көрген жоқ. Қазір сіз оның командасынан «Супер орта салмаққа ауысып, кездесу өткізгіңіз келе ме?» деп сұрап көріңіз. Меніңше олардың бұл ұсынысқа «иә» деп жауап беруі екіталай. Сондықтан нақты шешім шығара алмайтын команданың боксшысын менімен теңестірудің қажеті шамалы»,-дейді Уорд.

Одан бөлек, осыған дейін Головкинге қарсы кездесуде жеңіліске ұшыраған британдық Мэттью Маклин: «Головкинді жеңе алатын боксшы болса, ол – Андре Уорд немесе керісінше», – деген болатын. 

Айта кетейік, қазіргі кезде Геннадий (GGG) Головкин мен Андре (S.O.G) Уорд екеуі екі бөлек салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүр. Ал егер Гена Уордқа қарсы жекпе-жекке шығамын десе, оған шамамен төрт келідей салмақ қосу керек.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!