Қазақстандық Дания Тілеумбетова бодибилдинг бойынша әлем чемпионы атанды

Фотография - Қазақстандық Дания Тілеумбетова бодибилдинг бойынша әлем чемпионы атанды

13 қарашадан бастап 17  қарашаға дейін Будапештте (Венгрия) әлемнің 41 елінен келген спортшылар қатысқан бодибилдинг және фитнес бойынша әлем чемпионаты өтті

254 0

13 қарашадан бастап 17  қарашаға дейін Будапештте (Венгрия) әлемнің 41 елінен келген спортшылар қатысқан бодибилдинг және фитнес бойынша әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Аталған спорт түрі тарихында тұңғыш рет отандық спортшымыз әлем чемпионатында құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілді. Мұндай айтулы жетістікке «Модель-физик» санатында Дания Тілеумбетова қол жеткізді. Ол жартылай финалды оңай еңсеріп, бес финалистің қатарына енді. Ал финалда алдына жан салған жоқ.

Дания қыркүйек айында Вьетнамда Азия чемпионатын жеңіп алған. Спортшы Алматыда тұрады, жұмысы да сонда. «Фитнес-блиц» фитнес клубында жаттығады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!