«Барыс» Прагада жеңіске жетті

Фотография - «Барыс» Прагада жеңіске жетті

 Бүгін түнде Чехияның Прага қаласында өткен матчта Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы жергілікті «Лев» командасынан басым түсті

128 0

 Бүгін түнде Чехияның Прага қаласында өткен матчта Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы жергілікті «Лев» командасынан басым түсті.

Ойынның алғашқы шайбасын «Барыстың» шабуылшысы Талғат Жайлауов соқты. Осының арқасында ол биылғы чемпионатта команданың жалпы шайбаларын 100-ге дейін жеткізді. Екінші кезеңде қарсыластар таразы басын теңестірді. Дегенмен «Барыс» тағы да алға шықты. Матчтың аяқталуына бір минутай уақыт қалғанда, Иржи Секач есеп айырмасын қысқарта білді - 2:2. Бес минуттық овертаймда командалар біраз арпалысты. Алайда бұл теке-тіресте «Барыстың» жолы болды. Т.Жайлауов дубль жасап, екінші шайбаның авторы атанды. Қорытынды есеп - 3:2 (ОТ).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!