Мексика Әлем чемпионатына барады

Фотография - Мексика Әлем чемпионатына барады

Футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде қос кездесу қорытындысы бойынша Жаңа Зеландия  құрамасын жеңген Мексика «мундиальға» жолдама алды

160 0

Футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде қос кездесу қорытындысы бойынша Жаңа Зеландия  құрамасын жеңген Мексика «мундиальға» жолдама алды.

Мексикалықтар дүбірлі додаға 31-ші команда болып тіркелді. Олар өз алаңында Жаңа Зеландияны 5:1 есебімен тізе бүктірген еді. Енді қарымта кездесуде де жеңіске жетті. Қос кездесу қорытындысы бойынша есеп 9:2 болды. Жаңа Зеландияда өткен кездесуде «Сантос Лагуна» командасының шабуылшысы Орибе Перальта хет-трик авторы атанса, Пенья бір допты еншісіне жазды. Ал алаң иелері сапынан Джеймс пен Фаллон бір-бір доптан жауап қатты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!