Ертең «Астана арландары» Ресей құрамасымен кездеседі

Фотография - Ертең «Астана арландары» Ресей құрамасымен кездеседі

WSB додасының төртінші маусымындағы екінші жекпе-жегін 22 қараша күні «Астана арландары» Ресейдің Russian Boxing Team командасына қарсы өткізеді.

126 0

WSB додасының төртінші маусымындағы екінші жекпе-жегін 22 қараша күні «Астана арландары» Ресейдің Russian Boxing Team командасына қарсы өткізеді.

Бұл туралы alasharena.kz сайты хабарлап отыр.

Кездесудің Ресейдің қай қаласында өтетіні әлі нақтыланған жоқ, бірақ екі команда да боксшыларының тізімін жариялап қойды.

Алайда WSB ережесі бойынша жекпе-жекке қатысатын боксшыларды он күн бұрын жариялау қажет болғандықтан, қос команда да тізімді жария етті. «Арлан­дардың» намысын бір легионер, төрт қазақ қорғайды. Оның үшеуі – дебютант.

Ал Ресей құрамасының сапында ысылған боксшылар. Тек аса ауыр салмақтағы Сергей Кузьмин ғана алғаш рет WSВ додасының айқасына қатысқалы тұр.

Ресей құрамасы - «Астана арландары»

52 келі: Миша Алоян - Олжас Сәттібаев

60 келі: Адлан Абдурашидов - Самат Бәшенов

69 келі: Александр Иванов - Мейірім Нұрсұлтанов

81 келі: Дмитрий Бивол - Данабек Сужанов

91+ келі: Сергей Кузьмин - Филип Хргович (Хорватия).


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!