Зидан алты жылға сотталды

Фотография - Зидан алты жылға сотталды

Дортмундтың «Боруссиясы» мен Мысыр құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мұхаммед Зиданның сыртынан іс қозғалып, ол қаржылық алаяқтығы үшін алты жылға түрмеге қамалады

164 0

Дортмундтың «Боруссиясы» мен Мысыр құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мұхаммед Зиданның сыртынан іс қозғалып, ол қаржылық алаяқтығы үшін алты жылға түрмеге қамалады, деп хабарлады sport.kz.

Қала құрылысын жобалаумен айналысатын араб компаниясы футболшының үстінен арыз түсірген. Ал оның өзі болса қазіргі уақытта басқа елде жүрсе керек.

31 жастағы Мысыр тұрғыны жалған чектерді қолданды деп айыпталуда.

Биылғы жылдың қаңтар айында ол «Бани Яс» клубынан кетіп, содан бері өзіне команда таба алмады.

Қазір ол «Al-Jazeera Sports» телеарнасында сарапшы болып істейді. Алайда өзі футболды біржолата тастағаны жөнінде ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!