«Қайрат» ФК УЕФА Кубогында жеңіске жетті

Фотография - «Қайрат» ФК УЕФА Кубогында жеңіске жетті

Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Кубогының Элиталық раундының матчында Беларусьтің «Витэн» командасын тізе бүктіріп, 9:0 есебімен жеңіске жетті.

164 0

Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Кубогының Элиталық раундының матчында Беларусьтің «Витэн» командасын тізе бүктіріп, 9:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 21 қараша күні Алматыдағы Б.Шолақ атындағы спорт сарайында өтті.

«Алғашқы голды Бетао кіргізсе, одан кейінгі голдардың авторы Фумаса және Лео болды. Екінші таймда Лео Сантана, Лео және Фумаса беларусь командасын ойсырата жеңуді жалғастыра берді, бұл ойында ең соңғы нүктені Николай Пенгрин қойды», - делінген хабарламада.

Бүгін «Қайрат» Боснияның «Танго» командасымен кездеседі.

«Қайрат» — «Витэн» 9:0 (3:0)

Голдар: Бетао 5, Фумаса 16, 39, Лео 19, 24, 25, Лео Сантана 21, 28, Пенгрин 39

Ескертулер: Юрага 39

«Қайрат»: Игита, Сүлейменов, Лео Сантана, Фумаса, Жоан, Халявин, Жива, Эулер, Жаманкулов, Пенгрин, Лео, Мораэс, Барон, Бетао

«Витэн»: Щербаченя, Савинцев, Алейников, Черник, Крыкун, Мороз, Лихач, Юрага, Шиловский, Лемешко, Скварчевский, Федоринчик, Агейчик

Төрешілер: Иван Шабанов (Ресей), Богдан Сореску (Румыния.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!