ҚР Cпорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы ауысты

Фотография - ҚР Cпорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы ауысты

ҚР Cпорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы болып Тастанбек Есентаев тағайындалды. Осы уақытқа дейін аталған агенттікті Ерлан Қожағапанов басқарған болатын. Жаңа басшыны ведомство қызметкерлеріне ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов таныстырды

290 0


ҚР Cпорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы болып Тастанбек Есентаев тағайындалды. Осы уақытқа дейін аталған агенттікті Ерлан Қожағапанов басқарған болатын. Жаңа басшыны ведомство қызметкерлеріне ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов таныстырды.

Үкімет басшысы ҚР Cпорт және дене шынықтыру істері агенттігінің бұрынғы төрағасы Ерлан Қожағапановқа ел спортын дамытуға қосқан еңбегіне алғысын білдірді. Ал агентіктің жаңа басшысы Тастанбек Есентаев Серік Нығметұлына отандық спортты жаңа белеске шығаратынына сендіріп, бұл бағытта талмай жұмыс жасайтынына сөз берді.

Тастанбек Құтжанұлы Есентаев 1960 жылы Батыс Қазақстанда өмірге келген. 1985 жылы Қарағанды педагогикалық институтының бастауыш оқу және дене тәрбиесі, ал 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетінің құқықтану факультеттерін бітірген. Еңбек жолын 1977 жылда бастады. 1978-1985 жылдар аралығында әскері міндетін атқарып, жоғары оқу мекемесінде жоғары білім алған.

2011-2012 жылдары аралығында — Қарағанды облысының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы.

2012 жылғы қаңтар айынан бастап сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2012 жылғы сәуір айыннан — Қазақстан Республикасы Спорт және жене шынықтыру істері агенттігі Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры - деп хабарлады  baq.kz

2013 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Спорт және жене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!