«Барыс» «Динамодан» тағы да ұтылды

Фотография - «Барыс»  «Динамодан» тағы да ұтылды

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Динамо» (Латвия, Рига) командасына жол беріп қойды

200 0

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Динамо» (Латвия, Рига) командасына жол беріп қойды.

Бұл ойында «Барыстың» хоккейшілері нағыз алғырлық танытты. Астана қаласының хоккей клубы 1:3 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестіре білді. Бірінші кезеңде қарсыластар есепті бірінші болып ашты. Ал екінші кезеңде тағы бір шайба соғып кетті. Жарты минуттың ішінде «Барыс» бір шайба салып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда «Динамо» қайтадан өз басымдығын ұлғайтты. Есеп - 1:3. Соған қарамастан, жауапты үшінші кезеңге дейін «Барыстың» хоккейшілері есепті теңестірді. Алдымен Роман Старченко екінші шайбаны салса, Дастин Бойд дубль жасап, есепті 3:3-ке дейін жеткізді. Үшінші кезеңде Найджел Доус төртінші шайбаны соғып, «Барысты» алға шығарды. Бірақ матчтың аяқталуына төрт минуттай қалғанда, төрешілер Евгений Блохинге екі минуттық айып тағып, мұз айдынынан аластатты. «Динамо» осы мүмкіндікті қалт жібермеді. Пол Шехура таразы басын теңестіріп, буллит сериясында өз командасына жеңіс әкелді.

Айта кетейік, бұған дейін сырт алаңда өткен ойында да «Барыс» бұл командаға буллит сериясында 2:3 есебімен ұтылған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!