Денис Тен Австриядағы турнирде чемпион атанды

Фотография - Денис Тен Австриядағы турнирде чемпион атанды

Қазақстан мәнерлеп сырғанау спортшысы Денис Тен Австрияның Грац қаласында Icechallenge турнирінің қысқа бағдарламасында жеңіске жетті

154 0

Қазақстан мәнерлеп сырғанау спортшысы Денис Тен Австрияның Грац қаласында Icechallenge турнирінің қысқа бағдарламасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өз бағдарламасын айна-қатесіз орындаған жерлесіміз 88,19 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты.

Салыстырар болсақ, екінші орынға табан тіреген ресейлік Гордей Горшковтың жинаған ұпайы 66,56. Үздіктер үштігі 64,32 ұпай жинаған Австрия өкілі Виктор Пфайфермен аяқталды.

Австрияда бұл турнир 2009 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын айта кету керек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!