Головкин тағы да үздік деп танылды

Фотография - Головкин тағы да үздік деп танылды

Генадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы версиясының қазан айындағы үздік боксшысы деп танылды

148 0

Генадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы версиясының қазан айындағы үздік боксшысы деп танылды.

Қараша айында америкалық Кертис Стивенсті айқын ұтқан қарағандылық боксшы өзінің чемпиондық атағын абыроймен қорғады. Өзінің кезекті жекпе-жегін Генадий Головкин келер жылдың 1-ақпанында өткізеді. Әзірге онымен шаршы алаңда жұдырықтасатын боксшының есімі белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, жерлесіміз бұған дейін де осы қауымдастықтың үздігі болып танылған.


Шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізген жерлесіміз, әлі күнге жеңілістің ащы дәмін татпаған. 31 жастағы талантты боксшының тағы бір керемет көрсеткіші, 25 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!