Бекхэмдер отбасы 65 миллион долларға үй сатып алды

Фотография - Бекхэмдер отбасы 65 миллион долларға үй сатып алды

Әйгілі футболшы Дэвид Бекхэм және оның әйелі Виктория енді ханзада Уильям мен герцогиня Кэтриннің көршілері атанбақ

110 0

Әйгілі футболшы Дэвид Бекхэм және оның әйелі Виктория енді ханзада Уильям мен герцогиня Кэтриннің көршілері атанбақ - деп хабарлады  baq.kz

Олар Лондон қаласында құны 64,7 миллион доллар тұратын 4 қабатты зәулім үйді сатып алды. Ғимарат Кенсингтон сарайына жақын маңда орналасқан деп хабарлайды The Daily Mail.

Бэкхемдер отбасы бұл баспанаға көшпестен бұрын тағы 8 миллион долларға оны жөндеуден өткізбек. Жаңартылған үй ішінде шаш қысқартатын, маникюр мен педикюрға арналған бөлмелер пайда болады деп күтілуде. Сонымен қатар, олар Викторияның аяқ киімдері үшін де бөлек бір бөлме қосуды жоспарлап отыр.

Жаңа үйдің әр бөлмесінде әуен ойнап тұру үшін Дэвид пен Виктория ғимаратқа соңғы үлгідегі дыбыстық аппаратура орнатыпты. Сонымен қатар, үйдегі тұрмыстық техниканың барлығын да смартфон арқылы басқаруға болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!